Қазақстан тақтатас мұнайын өндіруге кірісуде: мұнай-газ саласына инвестициялар тарту үшін алғашқы қадамдар
© Фото: primeminister.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов 2025 жылғы 28 қаңтарда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында бақылауда 800-ден астам түрлі жоба бар екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол 2024 жылы "ҚазМұнайГаз" Қызылорда, Атырау және Ақтөбе облыстарында төрт жоба бойынша бұрғылауды бастағанын мәлімдеді.
"Осы жобалардың жиынтық геологиялық ресурстары мұнай баламасында 800 млн тоннадан астам көрсеткішті құрайды. Биылғы жылы алғашқы қазақстандық тақтатас мұнайын өндіру күтілуде. Бұл мұнай-газ саласына инвестициялар тарту үшін қосымша ынталандырулар жасайды. "Западная Прорва" және "Барханная" кен орындарында шамамен 19 млрд текше метр қорлары бар газ өндіру басталады. Қарағанды облысында сирек кездесетін металдардың 17 түрі бар ірі кен орны табылды", – деді Олжас Бектенов.
Оның айтуынша, Қарағанды облысында электромобильдерге арналған батареяларды дайындауда қолданылатын графит концентратын өндіру жөніндегі ТЭН әзірленуде.
"Қашаған мен Жаңаөзенде газ өңдеу зауыттарының құрылысы жалғасуда. Қашағандағы екінші МӨЗ және Қарашығанақтағы МӨЗ жобалау бойынша жұмыстарды бастау үшін инвестициялар қабылдауды күтеміз. Жалпы, Үкіметтің бақылауында 800-ден астам перспективалы жоба бар. Алайда, жеке оң нәтижелерге қарамастан, қазіргі экономикалық өсу динамикасы жеткіліксіз. Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуеті анағұрлым ауқымды", – деді Олжас Бектенов.
Бұған дейін Тоқаев өнеркәсіп жобаларындағы олқылықты сынға алған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:24, 30 қаңтар 2025
Ақтаудағы шенеуніктер картоп бағасын бақылауда ұстауда
-
10:17, 30 қаңтар 2025
Сирияда уақытша президент тағайындалды
-
10:04, 30 қаңтар 2025
Әлемнің ең бай адамдары бір күнде 27 миллиард долларға құрдымға кетті
-
09:50, 30 қаңтар 2025
Алматы метрополитенінде уақытша қоршаулар неге орнатылғаны белгілі болды
-
09:42, 30 қаңтар 2025
Егістікке химиялық заттарды қолдану 70% қысқарды