Қазақстан азаматтары Газа секторынан сәтті эвакуацияланды
© Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
Газа секторындағы күрделі гуманитарлық жағдайдың сақталуына байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігінің үйлестіруімен Иордания мен Израильдегі ҚР шетелдік мекемелері қақтығыс аймағынан алты отандасымызды эвакуациялауды сәтті ұйымдастырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан азаматтары шекаралық өткізу пункттері арқылы сәтті өткізіліп, Амман қаласындағы Әлия патшайым атындағы халықаралық әуежайға жеткізілді, сол жерден олар Отанға оралды.
Аталған операция Иордания билігімен тиімді өзара іс-қимылдың нәтижесінде мүмкін болды және Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін шетелде қорғау ҚР СІМ қызметінің негізгі басымдықтарының бірі болып табылатынын айқын көрсетеді.

Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
Қазақстанның Амман және Тель-Авив қалаларындағы елшіліктері өңірдегі жағдайды мұқият бақылауда ұстап, Газа секторы мен жалпы Палестина аумағында жүрген Қазақстан азаматтарымен тұрақты байланыста.
Министрлік Қазақстан азаматтарының қауіпсіз шығуына жедел көмек көрсеткені және тиімді ынтымақтастығы үшін Иордания мен Израиль билігіне, сондай-ақ Халықаралық Қызыл Крест комитетіне шынайы алғысын білдіреді.
Бұған дейін Дональд Трамп ХАМАС-ты келісімге шақырғаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:30, 14 наурыз 2026
Құрманғазы ауданында төрт мәдениет үйінің құрылысы аяқталды
-
16:26, 14 наурыз 2026
Атырауда 9 теміржол вокзалы жаңартылып жатыр
-
16:06, 14 наурыз 2026
Lets School мектебінің құрылтайшылары сотталды
-
15:52, 14 наурыз 2026
15 наурызда Қазақстанның екі өңірінде қар жауады
-
15:05, 14 наурыз 2026
Алматыда үш күн ішінде полицейлер көшеде жүрген 250-ден астам жасөспірімді анықтады





