Алматыда полиция қызды қағып кеткен самокат жүргізушілерін іздестіріп жатыр
© Фото: Zakon.kz
Алматы тұрғыны Мөлдір Threads әлеуметтік желісінде қала көшелерінің бірінде болған жағымсыз оқиға туралы айтып берді. Оның сөзінше, өзін электрсамокаттың қағуы салдарынан зардап шеккен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жәбірленушінің айтуынша, соққы өте қатты болып, оны бірнеше метрге дейін ұшырып жіберген, соның салдарынан жеке заттары шашылып, телефоны сынған.
"Бірақ ең жаманы — мені соққан адам сол жерде тоқтамай, жай ғана кетіп қалды", — дейді ол.
Оқиғаға куә болған адамдар жедел жәрдем мен полиция шақырған.
"Мен арыз бердім, бірақ іс әлі күнге дейін бір бөлімнен екіншісіне "аударылып" жүр — тіпті кінәлі адамның кәмелетке толған-толмағанын да анықтай алмай жатыр. Ал мен сол арада жүре алмай қалдым және маңызды кастингтер мен көрсетілімдерге бара алмадым. Мен жаяу жүргіншілерге арналған жолдың бойымен жүріп келе жатқан едім, ешқандай ереже бұзған жоқпын. Куәгерлердің айтуынша, самокатта екі адам болған, олар жоғары жылдамдықпен жүріп, оқиға орнынан қашып кеткен. Мұның бәрі қалада самокат қозғалысының дұрыс реттелмеуінен болып отыр. Олар тротуармен, яғни жаяу жүргіншілер жүретін жермен жүреді. Мұндай соққы біреудің өміріне әлдеқайда ауыр зардап әкелуі мүмкін еді. Осындай жағдайлар қанша рет қайталануы керек, сонда ғана мәселе шешіле бастайды ма?" — дейді жәбірленуші.
Zakon.kz тілшісі Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен пікір алды.
Ведомство 2026 жылғы 17 сәуірде бұл дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.
"Қазіргі уақытта самокат жүргізушісінің жеке басын және оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Осы мақсатта қалалық бейнебақылау жүйелерінің мүмкіндіктері пайдаланылып, сондай-ақ көрсетілген уақыт аралығында көлік құралын жалға алған пайдаланушыны анықтау үшін кикшеринг компанияларына ресми сұрау жолданды", — делінген ПД хабарламасында.
Полиция өкілдерінің айтуынша, құқық бұзушыны анықтау — уақыт пен техникалық мүмкіндіктерге байланысты мәселе.
"Аталған дерек бойынша тексеру барысы ерекше бақылауда. Кінәлі тұлға анықталған жағдайда, ол қолданыстағы заңнамаға сәйкес міндетті түрде жауапкершілікке тартылады", — деді Алматы қалалық ПД.
Айта кетейік, 7 сәуірде Алматы қалалық ПД "Стоп-нарушения" жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижелері туралы да хабарлаған болатын. Бұл шара қала жолдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:46, 17 сәуір 2026
Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрі-дәрмектер айналымында заңбұзушылықтарды анықтады
-
10:29, 17 сәуір 2026
1000-нан астам тауар түрі: Алматыдағы фермерлік жәрмеңкелердің жаңа маусымы басталды
-
10:11, 17 сәуір 2026
Қазақстанда жер телімдері бойынша электронды сауда-саттық өткізу қағидалары өзгерді
-
09:41, 17 сәуір 2026
Өзбекстан мен Израиль арасындағы әуе рейстері қайта жанданды
-
09:23, 17 сәуір 2026
Қазақстанда газдандыру жұмыстары қай өңірлерде жүргізілуде





