Каспийдегі қайғылы оқиға: Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
© Сурет: Telegram/mangystau_press
Бүгін, 2026 жылғы 26 қыркүйекте Маңғыстау облысында Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті. Бұл туралы өңір әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаралы шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ҚР Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Ұлттық құрылтай депутаттары, "Қазақстан Халық Кеңесінің" мүшелері, сондай-ақ белгілі қоғам қайраткерлері мен қаза тапқан әскери қызметшілердің қаруластары қатысты.
Рәсімге қатысушылар қаза тапқан жауынгерлердің туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтты. Отан қорғаушылардың рухына бағыштап Құран оқылып, еске алу рәсімдері жасалды.
Әскери қызметшілердің отбасыларына қажетті жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр. Оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік төлемдер, материалдық қолдау және қаза болғандарды еске алу шараларын ұйымдастыруға толық жәрдем көрсету қарастырылған.
Бұған дейін Маңғыстау облысының әкімдігі қаражат жинақтау үшін арнайы қор құрған еді. Жиналған барлық қаражат қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен зардап шеккендерге толықтай мақсатты әрі ашық түрде, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қатаң бақылауымен беріледі.
Маңғыстау облысының әкімдігі қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, ата-аналары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:02, 26 қыркүйек 2026
26 қыркүйектегі валюта бағамы қандай
-
13:22, 26 қыркүйек 2026
Қазақстанның 10 өңірінде ҰҚК мен ІІМ ауқымды операция жүргізді: 29 адам ұсталды
-
12:20, 26 қыркүйек 2026
Астанада балабақша тәрбиешісінің балаға қол көтеруіне қатысты іс тергеліп жатыр
-
10:50, 26 қыркүйек 2026
Жетісу облысында өрттен үш бала қаза тапты
-
10:19, 26 қыркүйек 2026
Жаңаөзен әкімі ауысты





