Қарағанды облысында ауыл тұрғындарынан марихуана мен гашиш тәркіленді
© Сурет: ҚР ІІМ
Қарағанды облысында заңсыз есірткі айналымының жолын кесуге бағытталған арнайы операция жүргізілді.
Жедел-іздестіру шаралары барысында Қарағанды облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өңірдегі ауылдардың бірінің 45 жастағы тұрғыны басқарған автокөлікті тоқтатты.
Көлік ішінде жүргізушіден бөлек, оның 48, 39 және 32 жастағы үш ауылдасы болған. Тексеру және мұқият тінту нәтижесінде ірі көлемдегі есірткі заттары анықталып, тәркіленді.
Атап айтқанда, жүргізушіден 1,3 келі марихуана табылса, 48 жастағы жолаушыдан қосымша 4 келі марихуана мен 112 грамм гашиш алынды.
Сонымен қатар медициналық сараптама қорытындысына сәйкес көлік ішіндегі барлық төрт азаматтың да есірткілік масаң күйде болғаны анықталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:25, 17 сәуір 2026
Вьетнам жағажайында жоғалған алматылық қызды қазақстандықтар тауып берді
-
14:07, 17 сәуір 2026
Қазақстанда жұмыспен қамту жүйесі жаңартылуда
-
13:59, 17 сәуір 2026
Алматыда азық-түлік бағасы қатаң бақылауға алынды
-
13:45, 17 сәуір 2026
Алматыда интернет алаяқтық 1,5 пайызға төмендеді
-
13:28, 17 сәуір 2026
FlyArystan БАӘ ірі қаласына рейстерін тоқтатты





