Қайтарылған активтер есебінен Ақмола облысының 10 ауылында жаңа медициналық нысандар салынады

09:27, 25 наурыз 2025

© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылым салу жөніндегі жобаларды жүзеге асырып келеді.

Бұл туралы 2025 жылғы 25 наурызда ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі айтты.

Ақмола облысының бірқатар ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттер (ФАП) мен дәрігерлік амбулаториялар құрылысын аяқтау жұмыстарына Арнаулы мемлекеттік қордан 1,7 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданды.

"Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасында көзделген медициналық нысандар құрылысы 2024 жылы басталды. Ақмола облысының ауылдарында барлығы 4 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік-акушерлік пункт және 1 медициналық пункт салынады. Әр ауысымда 405 науқасты қабылдай алатын дәрігерлік нысандар ауылдық жерлерде халықтың сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.

Дәрігерлік амбулаториялар Ақмола облысының келесі ауылдарында:

  • Аршалы ауданы Арнасай ауылында,
  • Астрахан ауданындағы Ескі Қалқұтан ауылында,
  • Жарқайың ауданы Пятигорское ауылында,
  • Целиноград ауданы Жаңа Есіл ауылында бой көтереді.

Сондай-ақ:

  • Жақсы ауданының Киров ауылында,
  • Целиноград ауданы Жарлыкөл ауылында,
  • Бұланды ауданының Партизанка ауылында,
  • Бұланды ауданы Алтынды ауылында,
  • Шортанды ауданының Пригородное ауылында ФАП-тар салынады.

Целиноград ауданының Шалқар ауылында медициналық пункт пайдалануға беріледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!