ІІМ тоғыз жылдан кейін ДНҚ-технологияларының көмегімен өте ауыр қылмыстың бетін ашты
© Сурет: freepik
Астанада 2016 жылы орын алған кісі өлтіру қылмысы тоғыз жылдан кейін ДНҚ-технологияларының көмегімен ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2016 жылы Астана қаласында аса ауыр қылмыс орын алып, 80 жастағы әйел өлтірілген. Қылмыскер зейнеткердің үйіне кіріп, оған зорлық-зомбылық көрсеткен. Оны соққыға жыққан және жасаған қылмыс ізін жасыру үшін оқиға орнынан бой тасалаған. Қылмыс орнын қарау кезінде криминалистер көзге нашар көрнетін биологиялық іздерді тапты.
"Сол іздерден ДНҚ-код алынды. Алайда тоғыз жыл бойы қылмыс ашылмай келді. Қылмыскер әділдік пен жазадан қашып жүрді. Ішкі істер министрлігінің молекулярлық-генетикалық зертханасында бар заманауи технологиялармен ДНҚ-дерекқоры арқасында сәйкестік анықталды. Осылайша 65 жастағы күдіктінің жеке басы анықталды. Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыс жасағанын мойындады. Министрлік өткен жылдардағы ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу жұмысын жалғастырады. Криминалистикалық құралдар қылмыскерді қылмыс жасалған уақыттан қанша жыл өтсе де, дәл анықтауға мүмкіндік береді. Осы мысал жазадан қашу мүмкін емес екенін көрсетеді, - деді ІІМ Жедел-криминалистикалық департаментінің бас криминалисі Айнұр Сәрсебаева.
Бұған дейін Германия тұрғыны бұрынғы күйеуін айыптап, Қазақстан сотына жүгінгені хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:41, 24 маусым 2026
Алматының орталығында бірден үш нысан сүрілді
-
17:30, 24 маусым 2026
Полиция ескертуі: Жүргізушілерге «ақылы жолға қарызсың» деген жалған SMS-хабарламалар келуде
-
17:18, 24 маусым 2026
Алматыда рейд жүріп жатыр: 127 автобус мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды
-
17:11, 24 маусым 2026
Ақтөбе тұрғыны банктен хабарлама келгенде интернет-алаяқтықтың құрбаны болғанын бір-ақ білген
-
17:04, 24 маусым 2026
Kaspi.kz Түркияда Rabobank A.Ş. сатып алуға реттеушінің мақұлдауын алды





