ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады
© Фото: Zakon.kz
Ішкі істер министрлігі соңғы кездері алаяқтық оқиғаларының жиілеп кетуіне байланысты азаматтарды шетелде жұмыс іздеу және Қазақстанда тұрғын үйді жалға алу кезінде аса мұқият болуға шақырады.
Алаяқтар өздерін кадрлық агенттік, туроператор немесе жеке тұлға ретінде таныстырып, азаматтарға келесі "қолайлы" ұсыныстарды алға тартады:
- шетелде жоғары жалақы төленетін, тіл білу мен жұмыс тәжірибесін қажет етпейтін жұмыс орындары;
- пәтерлерді, демалыс орындарын және туристік қызметтерді төмен немесе науқандық бағамен жалға беру.
Мұндай ұсыныстарға сеніп, алдын ала төлем жасаған азаматтар алаяқтардың құрбанына айналып, олардың ізін таба алмай қалады.
Алаяқтық әрекеттердің негізгі белгілері:
- қызмет көрсету немесе құжат рәсімдеу үшін алдын ала төлем талап етілуі;
- компанияның ресми сайттарының, заңды мекенжайының және тиісті лицензиясының болмауы;
- тек мессенджер арқылы байланыс орнатып, жеке кездесуден бас тартуы;
- жалған келісімшарттар, қолдан жасалған пікірлер мен фейк сайттарды қолдануы.
Алаяқтықтың алдын алу үшін ІІМ келесі кеңестерді ұсынады:
- компанияның заңды тіркелгеніне көз жеткізіңіз:
- лицензиясы, тіркеу нөмірі мен БСН-і болуы тиіс;
- ресми келісімшартсыз ешқашан ешкімге ақша аудармаңыз;
- тым тиімді болып көрінетін ұсыныстарға күмәнмен қараңыз;
- жеке басыңызға қатысты мәліметтерді, оның ішінде төлқұжат көшірмесін бейтаныс адамдарға бермеңіз;
- шетелде жұмысқа орналасу немесе тұрғын үй жалдау үшін тек сенімді әрі тексерілген платформаларды пайдаланыңыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:32, 4 наурыз 2026
Шымкенттегі трагедия: бір подъездегі пәтерлерден төрт адам өлі күйінде табылды
-
22:00, 4 наурыз 2026
Ерлан Қарин Михаил Швыдкоймен кездесті
-
21:51, 4 наурыз 2026
Иран Трамп пен Нетаньяхуды 500 америкалық сарбазды құрбандыққа шалғанын айтып, айыптады
-
21:11, 4 наурыз 2026
ШҚО-да жол талғамайтын көліктің өзі қарға батып, жолда қалған
-
20:55, 4 наурыз 2026
Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары жалғасуда - ААК





