Фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасы: сот айыпталушыдан жауап ала бастады
© Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс бойынша айыпталушыдан жауап алу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Сәуле Жұбаниязованың айтуынша, қайғылы жағдай болатынын алдын ала болжау мүмкін болмаған. Мүлік иелері бірлестігінің бұрынғы төрайымы үйдің жағдайы мінсіз екенін және оған "тек гүл отырғызу ғана қалатынын" айтқан. Алайда қазір, оның сөзінше, үйдің жағдайы нашарлап барады.
"Бір апта бұрын пәтерімнің төбесінде жарықшақ пайда болып, Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлерін шақырдық. Бірінші кіреберістің екінші және үшінші қабаттарына дейін барып көрдім, ол жерлерде ойықтар бар. Қазір біз жан-жаққа жазып, дабыл қағып, ТЖМ-ны шақырып жатырмыз. Бізге қандай да бір көмек көрсетілсе дейміз, өйткені өз күшімізбен ештеңе істей алмаймыз. Қасбеттің бір бөлігін алып тастап, оны нығайту үшін арнайы техника шақыруға қаражатымыз жоқ. Тоғызыншы қабаттан екінші қабатқа дейін жаңа жарықшақтар пайда болды, түнде қабырғаның шытынаған дыбысы естілді. Осыдан кейін жексенбі күні ТЖМ қызметкерлерін шақырып, бірінші кіреберістің бір бөлігін қоршауды сұрадық. Өйткені қазір ол жерде ғимарат апатты жағдайда бұзылып жатыр. Тіпті екінші қабаттағы пәтерде қабырға төбеден жарты сантиметрге ажырап кеткен", – деді ол.
Оның айтуынша, МИБ-тің қазіргі төрайымы ретінде тұрғындарға қажетті жұмыстарды "Өркен қала" бағдарламасы арқылы жүргізуді ұсынған. Алайда үй тұрғындары бұған келіспеген.
Ол сондай-ақ сотты істің барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға шақырды.
"Мен бұл жағдайға өзімді кінәлі деп санамаймын. Осы үйді қабылдап, төрайым болғаным үшін тек балаларым мен анамның алдында кінәлімін. Балаларыма дені сау, бақытты және жанында жүрген ана керек деп ойлаймын. Сондықтан құрметті соттан істің барлық мән-жайын ескере отырып, әділ үкім шығаруды сұраймын", – деді ол судьяға.
Бұған дейін құрылыс саласының маманы Вероника Лобанова тұрғын үй қасбетінің бір бөлігінің опырылуына не себеп болғанын айтып, үй тұрғындарының қасбет құлағанға дейін ондағы ақауларды өз бетінше жөндей алған-алмағанын түсіндірген еді.
Оқиға 2025 жылғы 8 қарашада болған. Сол күні Астанадағы Тәуелсіздік даңғылында орналасқан тұрғын үй кешенінің қасбетіндегі сыртқы кірпіш қаптаманың бір бөлігі мен кондиционер құрылғысы құлап, бес адам зардап шекті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:14, 9 қыркүйек 2026
10-12 қыркүйекте Алматыда +35°C ыстық сақталады, Астана мен Шымкентте күн салқындайды
-
15:03, 9 қыркүйек 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдады
-
14:58, 9 қыркүйек 2026
Қазақстандық блогер Дональд Трамптың ұлымен бірге қауіпті жағдайға тап болды
-
14:50, 9 қыркүйек 2026
Баспана қымбаттап, сұраныс төмендеді: 2026 жылдың күзіне қарай нарықта не өзгерді
-
14:41, 9 қыркүйек 2026
Атқарушылық жазба: нотариусты енді жүйе автоматты түрде таңдайды





