Еліміздің бес өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты жабылған жолдар ашылды

09:57, 10 қараша 2024

© Сурет: pixabay

2024 жылы 10 қарашада таңертең ерте кеше ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған өңірлердегі жолдар біртіндеп ашылып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша:

Ақмола облысында:

  • 10 қарашада сағат 07:00-де "Астана-Ерейментау-Шідерты" тас жолының 16-200 шақырым аралығындағы учаскесі (Астана қаласынан Павлодар обылысының шекарасына дейін);
  • сағат 08:00-де "Астана-Петропавлск" тас жолының 18-232 шақырым аралығындағы учаскесі (Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін);
  • сағат 08:00-ден бастап "Жақсы-Есіл-Бұзылық", 72-82 км, Ақсай ауылынан Бұзылық ауылына дейін;
  • "Жезқазған-Петропавл", 377-536 км, Қостанай облысының шекарасынан Бұзылық ауылына дейін;
  • "Жезқазған-Петропавл", 536-595 км, Бұзылық ауылынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін;
  • сағат 09:00-ден бастап "Көкшетау Рузаевка " а/ж, 40-61 км, Еленовка ауылынан – Солтүстік Қазақстан облысы шекарасына дейін;
  • "Екатеринбург-Алматы" тас жолының 856-915 шақырымы аралығы, Солтүстік Қазақстан облысының шекарасынан Жақсы ауылына дейінгі учаске ашылды.

Павлодар облысында:

10 қарашада сағат 07:00-де "Астана-Ерейментау-Шідерты" тас жолының 200-254 шақырым аралығындағы учаскесі (Павлодар обылысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін) көлік қозғалысы ашық.

Қостанай облысында:

  • 10 қарашада сағат 08:00-де "Қостанай– Әулиекөл - Сұрған" тас жолының 7 -232шақырым аралығында (Тобыл қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін);
  • Сағат 08:00-де "Қостанай– Әулиекөл - Сұрған" тас жолының 232-260 шақырым аралығында (Қостанай облысы шекарасынан Сұрған ауылына дейін);
  • сағат 09:00-ден бастап "Екатеринбург - Алматы" тас жолының 555-729 шақырым аралығында (Тобыл қаласынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін);
  • "Жезқазған - Петропавл" тас жолының 252-377 шақырым аралығында (Ұлытау облысының шекарасынан Ақмола облысының шекарасына дейін) көлік қозғалысы ашық.

10 қарашада сағат 09:00-де Солтүстік Қазақстан облысы бойынша келесі автомобиль жолдарында көлік қозғалысы ашылды:

  • "Көкшетау – Рузаевка" тас жолының 61-196 шақырым аралығында ( Ақмола облысының шекарасынан Рузаевка ауылына дейін);
  • "Қарасай батырдың ескерткiш кешенiне кiреберіс жол" тас жолының 0-24 шақырым аралығында ( Солтүстік Қазақстан облысының шекарасында);
  • "Жезқазған - Петропавл" тас жолының 595-706 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасынан Новоишимка ауылына дейін);
  • "Екатеринбург - Алматы" тас жолының 729-856 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін).

10 қарашада сағат 09:00-де Ұлытау облысында "Жезқазған-Петропавл" тас жолының 132-252шақырым аралығы (Ұлытау ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін) ашылды.

Айта кетсек, 9 қарашада Қазақстанда бірнеше республикалық маңызы бар жолда көлік қозғалысы шектелгені белгілі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!