Еліміздегі халық саны жайлы жаңа деректер белгілі болды

15:10, 6 қаңтар 2025

© Сурет: Zakon.kz

Ұлттық статистика бюросы бүгін, 2025 жылғы 6 қаңтарда қазақстандықтардың саны туралы жаңартылған деректер ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Статистикалық деректерге сүйенсек, 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 265 320 адамды құрады, оның ішінде:

  • қала тұрғындары — 12 751 309;
  • ауыл тұрғындары — 7 514 011.

Айта кетейік, еліміздегі әйелдер саны ерлерге қарағанда 462 236-ға көп:

  • әйелдер — 10 363 778;
  • ерлер — 9 901 542.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда өткен жылдың қаңтар – қараша айларында 338 612 бала дүниеге келді, 121 479 адам қайтыс болды. Осылайша, халықтың табиғи өсімі 217 133 адамды құрады.

Еліміздегі халық саны жайлы жаңа деректер белгілі болды , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2025 15:10

Сурет: stat.gov.kz

Сондай-ақ, республикаға 11 айда келгендердің саны 26 441 адамды, елден кеткендер саны — 12 096 жанды құрады. Нәтижесінде, көші-қон айырмасы — 14 345.

Бұған дейін жылдың алғашқы күндерінде 200 адам қар құрсауынан құтқарылғандығы хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!