Әлеуметтік желіде «Атыраулық хакер» атымен танылған азаматқа үкім шықты
© Сурет: Zakon.kz
Атырауда әлеуметтік желіде "Атыраулық хакер" атымен танылған 32 жастағы Нұрлан Жанбырбаевқа қатысты сот процесі аяқталды. Ол бірнеше рет алаяқтық жасады деп айыпталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Үкімді 2026 жылғы 26 қарашада судья Эльмира Ойқұлова жариялады.
Сот Нұрлан Жаңбырбаевты кінәлі деп танып, оған 3 жыл 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сот жарыссөзінде мемлекеттік айыптаушы Абылайхан Әбужанов сотталушыны 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруды сұраған. Алайда рақымшылық туралы заңды қолдануды ескере отырып, прокурор жазаны төрттен біріне қысқартып, түпкілікті 3 жыл 6 ай жаза тағайындауды ұсынды.
Соңғы сөзінде Нұрлан Жаңбырбаев соттан өзін бас бостандығынан айырмауды сұрап, жәбірленушілерге келтірілген шығынды толық өтеуге уәде берді. Оның айтуынша, ақшаның басым бөлігі қайтарылған, ал қалған берешек шамамен 2 млн теңгені құрайды. Сотталушы бұл соманы да қайтаруға ниетті екенін жеткізді.
Қылмыстық іс бойынша 12 адам жәбірленуші деп танылған. Бұған дейін жарияланған мәліметтерге сәйкес, келтірілген шығынның жалпы көлемі шамамен 13 млн теңге болған. Оның 9 млн теңгеге жуығы жәбірленушілерге қайтарылған.
Сот талқылауы кезінде Нұрлан Жаңбырбаев үйқамақта болған.
Айта кетейік, Нұрлан Жаңбырбаев Атырау облысы Жангелдин ауылында бір отбасының жоғалып кетуіне қатысты резонансты оқиғадан кейін кеңінен танылды. Ол әлеуметтік желіде өзін "Атыраулық хакер" деп атап, жеке тергеуі барысында анықтағанын айтқан мәліметтерді жариялап отырған.
2026 жылғы қаңтарда Жаңбырбаев Түркия аумағында ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға жеткізілді. Алайда алаяқтыққа қатысты қылмыстық істің Жангелдин ауылындағы отбасының өліміне қатысты тергеуге қатысы жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:05, 26 қараша 2026
Қарағандыда қарт жолаушыны көкөніс-жемісімен бірге автобустан түсіріп тастаған жүргізуші қамалды
-
18:55, 26 қараша 2026
Шымкентте төрт елдің Конституциялық сот өкілдерінің қатысуымен халықаралық дәріс өтті
-
18:35, 26 қараша 2026
Қазақстан гандболдан Азия чемпионатында қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді
-
18:29, 26 қараша 2026
Павлодардағы санитариялық бақылау басқармасының басшысына қатысты тергеу жүріп жатыр
-
18:14, 26 қараша 2026
Алматы 2-ші ЖЭО-да алғашқы газ турбинасы іске қосылды





