Елена Рыбакина Мадридтегі турнирдің төртінші айналымына шықты

15:38, 28 сәуір 2024

© Сурет: instagram.com/mutuamadridopen

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Мадридтегі "Мастерс" турнирінің үшінші айналымындағы матчын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық спортшы бұл кезеңде әлемнің 72-ракеткасы, мысырлық теннисші Майар Шерифпен кездесті.

Елена Рыбакина қарсыласын 6:1, 6:4 есебімен жеңіп, жарыс жолынан шығарды.

Қазақстандық теннисші 1 сағат 30 минутқа созылған матч кезінде бір эйс пен екі қос қателік жасады. 13 брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева да осы турнирдің үшінші айналымындағы матчын өткізді. Ол америкалық теннисші Кэролайн Доулхайдпен кездеседі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!