Елдос Сметов Grand Slam турнирінің қола медалін жеңіп алды

18:50, 10 мамыр 2024

© Сурет: olympic.kz

Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі Елдос Сметов медальсіз турнирлер сериясын аяқтап, Астанадағы Grand Slam додасында қола жүлдегер атанды, деп жазады Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

60 келі салмақта белдескен Сметов кіші финалда әзербайжандық Ахмад Юсифовті ұтты.

Осылайша, біраз уақыттан бері әлемдік турнирлерде жүлде алмаған Елдос Сметов өз еліміздегі жарысты қола медальмен аяқтап отыр.

Айта кетелік, қыздар арасында Ғалия Тынбаева Grand Slam турнирінің чемпионы атанды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!