Әділет министрлігі Алматының мәйітханасындағы некрофилия жағдайына түсініктеме берді

15:08, 10 мамыр 2024

© Сурет: Zakon.kz

ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли 10 мамырда өткен брифингте мәйітхана күзетшісінің Алматыда өлгендерді қорлады деген күдікпен ұсталу жағдайына түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Алматы қаласы Әуезов ауданының полиция басқармасы ҚР ҚК 314-бабы 2-бөлігі бойынша 1980 жылы туған азаматқа қатысты тергеу жүргізіп жатқанын еске салды.

"Бұл азамат сот сараптамалары орталығымен және оның аумақтық бөлімшелерімен еңбек қатынастарында тұрмайды және тұрмаған. Яғни, ол әділет органдарының қызметкері емес. Шартқа сәйкес мәйітхананы қорғауды "Аят Секьюрити" ЖШС жүзеге асырады. Аталған азамат ЖШС-нің мәйітхана күзетшісі болып жұмыс істеді", - деді Талғат Уәли.

Еске салайық, 2024 жылдың 29 сәуірінде Алматыда мәйітхана күзетшісі некрофилия үшін ұсталған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!