Дзюдодан Grand Slam турнирі: Қазақстанның екі балуаны қола медаль үшін таласады

17:11, 13 қазан 2024

© Сурет: Оlympic.kz

Дзюдодан Қазақстан командасының екі өкілі Карина Такиева мен Назгүл Маратова Абу-Дабидегі (БАӘ) Grand Slam турнирінің финалына өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан олимпиада комитетінің хабарлауынша, екі спортшы қыз да 78 келіден жоғары салмақта қола жүлдеге таласпақ.

Такиева татамиге хорватиялық Хелена Вуковичпен шықса, ал Назгүл Маратованың қарсыласы Анастасия Холодилина (Ресей) болмақ.

Бұған дейін қазақстандық теннисші Анна Данилина мен Ресей өкілі Ирина Хромачева жұбы Ухандағы WTA-1000 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанғаны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!