Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы туралы деректі фильм түсірілді

09:29, 29 қыркүйек 2024

© Сурет: Instagram/z.saripova

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы Зарина Сарипова туралы деректі фильм түсірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

28 қыркүйекте ҚР Президентінің Телерадиокешені мобильді форматта түсірілген алғашқы отандық деректі фильмді көрермендер назарына ұсынды. Оның басты кейіпкері - самбо және дзюдодан спорт шебері, қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері және Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы Зарина Сарипова.

"Палуан қыз" деп аталатын бұл фильмнің жалпы ұзақтығы шамамен 12 минутты құрайды. Оны ҚР Президенті Телерадиокешенінің Youtube-тегі ресми арнасынан тамашалауға болады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!