Бүгін – Еңбек күні

09:18, 29 қыркүйек 2024

© Сурет: pexels

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 қарашадағы №698 Жарлығымен елімізде қыркүйек айының соңғы жексенбі күні "Еңбек күні" мерекесі болып белгіленген. Оған қоса Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл бұл айтулы күн 29 қыркүйекке тұспа-тұс келіп отыр.


"Кәсіби дағдыларды ұрпақтан-ұрпаққа беретін жүздеген еңбек әулеті бар, олардың ішіндегі ең ірілерінің жалпы еңбек өтілі 3,3 мың жылдан асты.3,4,5 және одан да көп буын бойына ондаған мың еңбек сағаттарында жинақталған тәжірибені отандық мамандар жинақтап, өз ұрпағына аманаттайды. Қазақстанда өз өмірін белгілі бір кәсіпке арнаған әулеттерге ерекше құрметпен қарайды", делінген Орталық коммуникациялар қызметі таратқан хабарламада.

Бұған дейін Қазақстан халқы қазан айында қанша күн демалатыны хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!