Депутат ажырасу үшін мемлекеттік бажды 400 есеге көтеруді ұсынды
© Сурет: mazhilis.parlam.kz
2025 жылдың 9 сәуірінде Мәжіліс алаңында депутат Берік Бейсенғалиев неке бұзу үшін алынатын мемлекеттік бажды 0,5-тен 200 АЕК-ке дейін көтеру идеясын қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңа Салық кодексінде некені бұзу үшін мемлекеттік баж салығын арттыру жастардың эмоцияның әсерінен шешім қабылдамай, саналы түрде қабылдауына бағытталғанын атап өтті.
"Жекелеген депутаттар ұсынған шаралар, менің ойымша, жақсы бастама, АЕК деңгейін көтеру керек, мен 20 емес, 200 АЕК ұсынар едім!"– деді Берік Бейсенғалиев.
Әзірге депутаттар некені бұзу үшін алынатын мемлекеттік бажды 0,5-тен 5 АЕК-ке (2025 жылы 19 660 теңге) көтеруді ұсынып отыр. Қазіргі таңда некені бұзуға 1966 теңге қажет. 200 АЕК болғанда сома 786 400 теңгені құрайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:57, 25 сәуір 2025
Петропавл маңындағы бір ауылдың халқы эвакуациялануда
-
21:39, 25 сәуір 2025
Дәурен Кеңбейіл Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банктің кездесулеріне қатысты
-
20:57, 25 сәуір 2025
ҚХА сессиясы тек мерейтойлық іс-шара ғана емес, саяси айтулы оқиға болды – Ерлан Қарин
-
20:35, 25 сәуір 2025
Ақмола облысында қиын жағдайға тап болған үш жасар бала құтқарылды
-
19:58, 25 сәуір 2025
Үкіметте Қазақстанға Қырғызстаннан жеміс-көкөністер жеткізу мәселесі талқыланды
Танымал жаңалықтар
-
09:52, 25 сәуір 2025
-
12:25, 25 сәуір 2025
-
10:45, 25 сәуір 2025
-
22:58, 24 сәуір 2025
-
11:37, 25 сәуір 2025
-
15:46, 25 сәуір 2025
-
09:42, 25 сәуір 2025
-
09:12, 25 сәуір 2025
-
09:36, 25 сәуір 2025
-
09:03, 25 сәуір 2025
-
09:51, 25 сәуір 2025
-
09:23, 25 сәуір 2025
-
10:33, 25 сәуір 2025
-
12:06, 25 сәуір 2025
-
10:22, 25 сәуір 2025