Денсаулық министрі емханалардағы бюрократиялық кедергілердің көзін жоюды тапсырды

20:53, 17 қараша 2025

© Сурет: akorda.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) саласын реформалау сапасына қатысты бақылауды күшейтуге ниетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылы 17 қарашада ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде ведомстволық бағынысты ұйымдар мен өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының қатысуымен өткен апта сайынғы аппараттық кеңесте айтылды.

Отырыс барысында емханалардың жаңа тәсілдерді енгізуге және "Қамқор емхана" моделін дамытуға бағытталған негізгі индикаторларды орындау мониторингісінің қорытындылары қаралды.

С. Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамытудың Ұлттық ғылыми орталығы басшысы Гүлнар Құлқаеваның ақпараты бойынша, мониторингтің алдыңғы кезеңінде 700 емханадан 159 ұйымда (22,7%) белгіленген критерийлерге сәйкессіздік анықталды. 301 емхана арасында жүргізілген мониторингтің соңғы кезеңі аясында сәйкессіздіктер 37 ұйымда тіркелді (12,6%).

Бұл нәтижелер емханалар жұмысының үдемелі жақсарғанын көрсетеді және енгізіліп жатқан «Қамқор емхана» моделінің тиімділігін растайды. Сондай-ақ, талаптарға сәйкес келетін жедел жәрдем кабинеттері санының артуы атап өтілді, бұл емханалардың халыққа шұғыл медициналық көмек көрсетуге дайындығын арттырады. Денсаулық сақтау министрі емханалар – денсаулық сақтау жүйесіндегі бірінші және маңызды буын екенін атап өтті:

Ол министрлік нормативтік-құқықтық актілерді жаңа тәсілдерге сәйкес келтіргенін, ал пилоттық жобалар жоспарланған реформалардың тиімділігін көрсеткенін еске салды. Дегенмен, өзгерістерді сәтті жүзеге асыру жергілікті жерлердегі жұмыс сапасына байланысты.

Ақмарал Әлназарова емханалардың жұмысын сапалы ұйымдастыруды, оның ішінде Call-орталықтардың үздіксіз жұмысын, қолжетімділік және ашық қабылдау кестелерін, уақтылы жазу және күту мерзімін қысқартуды, минималды кезектері бар тіркеушілердің тиімді жұмысын, пациенттерді жоспарлы қабылдауды толық орындауды, сондай-ақ тәулік бойы дайындығын қамтамасыз ете отырып, жедел жәрдем бөлімшелері мен кабинеттерінің және мобильді бригадалардың қызметіне бақылауды күшейтуді тапсырды.

Сондай-ақ, басқармалардың басшылары азаматтардың шағымдарымен жұмысты, оның ішінде дәрігерлерге жазылу мәселелері, кестелердің ыңғайлы болмауы, уақытылы кеңес ала алмау, бюрократиялық кедергілер мәселелерін жеке бақылауға алуы қажет екенін атап өтті.


"Нақты өзгеріссіз талаптарды ресми түрде орындау қажетті нәтижеге әкелмейді. Тек өңірлер деңгейіндегі жауапты және жүйелі жұмыс медициналық көмектің қолжетімділігін, ашықтығын және жоғары сапасын қамтамасыз етеді", деп сөзін түйіндеді ведомство басшысы.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!