Бразилияда 30 миллион адамға жалған «шұғыл ескерту» жіберілді
© Фото: pexels
Бразилияда азаматтық қорғаныс жүйесінің бұзылуына байланысты шамамен 30 миллион тұрғынға телефон арқылы жалған дабыл хабарламалары жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға 19 маусым кешінен 20 маусым таңына дейін Бразилия-ның сегіз штатында тіркелген. Қате немесе бұзылған жүйе салдарынан Белу-Оризонти, Бразилиа, Кампу-Гранди, Куритиба, Рио-Бранко, Рио-де-Жанейро, Салвадор және Сан-Паулу қалаларының тұрғындарына ескерту келіп түскен.
Жалпы алғанда, зардап шеккен халық саны шамамен 30 миллион адамды құрады. Хабарламалар тек ірі қалаларда ғана емес, Сан-Паулу, Рио-де-Жанейро және Мату-Гросу-ду-Сул штаттарындағы шағын елді мекендерге де жіберілген.
Вольней Вольф баспасөз мәслихатында жүйеге хакерлік шабуыл жасалғанын және соның салдарынан тұрғындарға дыбыстық дабылдар мен түрлі сипаттағы хабарламалар келгенін мәлімдеді. Олардың арасында "мизантропия" және "инопланеталық басып кіру" туралы ескертулер де болған.
Оның айтуынша, тоғыз хабарлама Cell Broadcast жүйесі арқылы, ал біреуі SMS форматында жіберілген.
Cell Broadcast технологиясы табиғи апаттар мен төтенше жағдайлар кезінде қауіпті аймақтардағы халыққа тікелей мобильді телефон арқылы жедел хабарлама жіберуге арналған. Бұл жүйе телефон дыбыссыз режимде тұрса да сигнал береді.
Қазіргі уақытта жүйеге кімнің хакерлік шабуыл жасағаны анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, бұзу Ұлттық азаматтық қорғаныс платформасы деңгейінде болған.
Айта кетейік, бұған дейін Бразилияда экстремалды секіру кезінде қауіпсіздік тросынсыз секірген бойжеткеннің қаза табуы қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:16, 22 маусым 2026
«Мені тек айыпталушы ретінде емес, адам ретінде де көріңіз»: Александр Пак сотта соңғы сөзін айтты
-
13:03, 22 маусым 2026
Ерлан Қарин: ішкі саясаттағы жаңа регламенттер өз бетінше шешім қабылдауды тоқтатады
-
12:54, 22 маусым 2026
Пхукетте қазақстандық әйел бірнеше жол апатын жасады: екі адам зардап шекті
-
12:49, 22 маусым 2026
Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: кей өңірлерде +40°C аптап ыстық сақталады
-
12:37, 22 маусым 2026
Қазақстанда бетті жабуға қатысты шектеу: 10 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған





