Бокстан жасөспірімдер Олимпиадасы: Ақнұр Тұрсынғали күміс медаль иеленді
© Сурет: olympic.kz
Қазақстандық боксшы Ақнұр Тұрсынғали Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандасымыз 57 келіге дейінгі салмақта бразилиялық Сара Кампоспен кездесті.
Алғашқы раундта Ақнұр басым түсті. Дегенмен бразилиялық боксшы екінші және үшінші раундтарда тізгінді өз қолына алып, 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша Ақнұр Тұрсынғали жасөспірімдер Олимпиадасын күміс жүлдемен аяқтады.
Айта кетейік, ұлттық құраманың еншісінде алты медаль бар. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева (52 келіге дейін) және велошабандоз Әнел Тәшбай алтын алса, таеквондошы Любовь Юн (63 келіден жоғары), триатлоншы Рамазан Әйнегов және боксшы Марал Төлепберген (54 келіге дейін) қола алған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:16, 12 қараша 2026
«Самұрық-Қазына» штаттық режимде жұмыс істеп жатыр - компания мәлімдемесі
-
18:05, 12 қараша 2026
«Қар аралас жаңбыр жауады». Еліміз бойынша 13 қарашаға арналған ауа райы болжамы
-
17:52, 12 қараша 2026
«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асырудағы жаңа сын-қатерлер мен шешімдер атты халықаралық конференция өтті
-
17:52, 12 қараша 2026
Халықаралық конференция: «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асырудағы жаңа сын-қатерлер мен шешімдер
-
17:30, 12 қараша 2026
Алматы облысында банк зейнеткерлерден 110 млн теңге тұратын үйін тартып ала жаздады





