БҚО тұрғыны күйеуінің 11 жыл бұрын о дүниелік болғанын сотта дәлелдеуге мәжбүр болды

© Сурет: Zakon.kz
Жәнібек аудандық сотында 11 жыл бұрын күйеуінің қайтыс болғанын анықтау туралы азаматтық іс қаралды. Сотқа марқұмның әйелі арыздануға мәжбүр болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Арызданушы қайтыс болған адаммен заңды некеде болған. Сотта 2014 жылғы 7 сәуірде арызданушының күйеуінің ауырып қайтыс болғаны, алайда оны растайтын медициналық өлім туралы анықтама, белгіленген үлгідегі сот қаулысы дер кезінде алынбауына байланысты АХАЖ органдарында оның қайтыс болуын тіркеуден бас тартылғаны анықталды.
"Сотта арыз беруші арызын қуаттап, 1972 жылы 14 қыркүйекте туылған жұбайының қайтыс болған фактісін анықтауды сұрады. Мүдделі тұлғаның өкілі іс бойынша шешімді соттың қарауына қалдыратынын көрсетті. Жәнібек ауданының полиция бөлімінің анықтамасында азамат С. 2014 жылдың 7 сәуірде қайтыс болғандығы туралы хабарлама түскен, алайда қылмыстық құрамның болмауына байланысты қылмыстық іс қозғалмаған деп көрсетілген", делінген облыстық сот хабарламасында.
Куәлар қайтыс болған азамат біреуіне туыс болып келетінін, ал екінші куә оны танығандығын айтты. Қайтыс болған азамат ауырып қайтыс болғанын және жерлеу рәсіміне қатысқандарын сотта айтты.
Сот көрсетілген дәлелдемелердің барлығын зерттеп, арыз берушінің азаматтың қайтыс болу фактісін анықтау туралы арызын қанағаттандырды.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Алматыда трюк жасаймын деп Lamborghini астына түсіп, мерт болған жігіттің оқиғасына қатысты сот үкімі жарияланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:38, 14 шілде 2025
Қостанайда көлік басқару құқығы жоқ автобус жүргізушісі ұсталды
-
11:22, 14 шілде 2025
14 шілдедегі Астана және Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
-
11:09, 14 шілде 2025
Қазақстандағы балалар төлқұжаты: қашан және қалай тапсыруға болады
-
10:57, 14 шілде 2025
Қазақстандықтар Конституция күніне орай қалай демалатыны белгілі болды
-
10:40, 14 шілде 2025
Қытай және Өзбекстан шекараларында жаңа кеден бекеттері ашылды