БҚО-да шарықтау шегіне жеткен су тасқынымен күрес күшейтілді

12:55, 22 сәуір 2024

© Сурет: primeminister.kz

Вице-премьер Қанат Бозымбаев шарықтау шегіне жеткен су тасқынымен күресу үшін Маңғыстау, Ақтөбе облыстарынан, Астана мен Алматыдан тағы 500 әскери қызметші мен құтқарушыны БҚО-ға жіберуді тапсырды. Бұл туралы 22 сәуірде Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгінде Оралға ТЖМ және Қорғаныс министрлігі бойынша 200 адам келіп, жұмысқа кірісіп кеткен.

"Қанат Бозымбаев Оралдың периметрі бойынша су тасқынына қарсы қорғаныс құрылыстарын тексерді. Су тасқынының шарықтау шегі ұзарады деген болжам бар, осыған байланысты вице-премьер су басу қаупі бар аймақтағы өзендердің бойындағы топырақ бөгеттерін тағы бірнеше метрге көтеруді тапсырды.",- делінген хабарламада.
БҚО-да шарықтау шегіне жеткен су тасқынымен күрес күшейтілді , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2024 12:55

Сурет: primeminister.kz

Ведомстваның хабарлауынша, БҚО ауылдық елді мекендерінде жағдай тұрақты және бақылауда. Су тасқыны кезеңі басталғалы өңірдегі Жайық және Шаған өзендерінің бойында 136 шақырымнан астам бөгет салынып, оның ішінде Орал қаласында 45 шақырымы салынған.

21 сәуір күні таңертең Жайық өзеніндегі су деңгейі қауіпті межеден асып, 8,5 метрді құраған. Өзен суы жайылған жерге орналасқан саяжай алаптары су астында қалып, Жайық және Шаған өзендерінің маңындағы шағын аудандарға су жеткен. Орал қаласында су тасқынына қарсы іс-шаралар күшейтілген режимде жүргізілуде.

БҚО-да шарықтау шегіне жеткен су тасқынымен күрес күшейтілді , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2024 12:55

Сурет: primeminister.kz

Қорғаныс құрылыстарын нығайту шараларына облыс бойынша 10,6 мыңнан астам адам және қала бойынша 6,4 мың адам, сондай-ақ Қазақстанның басқа өңірлерінен тартылған 2 мыңнан астам техника жұмылдырылды.

Айта кетейік, "Қазавтожол" ҰҚ" АҚ уақытша қай өңірлерге жолға шықпаған дұрыс екенін мәлімдеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!