Бір жасар ұлын сақылдаған сары аязда мұзды суға түсірген әке желі қолданушыларының ашуын туғызды

11:08, 14 қаңтар 2026

© Сурет: бейнежазба скриншоты

Ресейдің Сургут қаласының тұрғыны баланың денсаулығын кішкентайынан шынықтыру керек деп шешіп, бір жасар ұлын мұзды ойыққа шомылдырды. Желіде кеңінен тараған бейнеде нәрестенің шырқырай жылағаны бейнеленген, деп хабарлайды Zakon.kz.

"КП-Югра" басылымының жазуынша, әкесі 30 градус аязда бір жасар ұлын мұзды ойыққа үш рет батырған. Бұл сәт видеоға түсіріліп, көп ұзамай әлеуметтік желіде кең тараған.

Судың температурасы -26 градус шамасында болған. Кейін баланы жылы жерге апарып, морс ішкізген. Оқиға 2026 жылғы 11 қаңтарда болған.

"Айсберг" денсаулық орталығының директоры Азамат Якупов нәрестені клубтың ең жас қатысушысы деп атап, оған "моржик" медалін табыстаған. Алайда әлеуметтік желі қолданушылары бұл әрекетті баланың денсаулығына қауіпті деп бағалап, ата-ананы қатты сынға алды.

Бұл ретте, дәрігерлер де алаңдаушылық білдірді. Балалар кардиологы Рита Пихтовникова бір жасар баланы мұздай суға батыру ауыр стресс тудыруы мүмкін екенін ескертті. Оның айтуынша, бұл:

  • жүрек соғысының жиілеуіне (тахикардия),
  • жүрек ырғағының бұзылуына,
  • тыныстың қиындауына,
  • үрей мен паникалық күйге,
  • жүйке жүйесінің асқынуларына әкелуі мүмкін.

Дәрігер шынықтыруды жылы сумен шомылдырудан бастап, біртіндеп салқындау суға көшуге кеңес береді.

Бұған дейін Украинада танымал партия жетекшісі Юлия Тимошенко сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінгенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!