Бектенов «Росатом» басшысымен АЭС құрылысын талқылады
© Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов "Росатом" мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Олжас Бектеновке "Росатом" корпорациясының басшысы Алматы облысындағы алғашқы атом электр стансасы құрылысының басталғаны туралы ақпарат берді.
Кездесу барысында тауарлар мен қызметтердегі қазақстандық қамту тетіктері, отандық құрал-жабдықтар мен материалдарды пайдалану, сондай-ақ кадрлық әлеуетті тарту, тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды. Ядролық-отын циклі процестерін локализациялау мәселелері көтерілді. Сондай-ақ жетекші отандық және шетелдік әріптестерді біріктіретін халықаралық консорциум қалыптастырудың тәжірибелік тұстары қарастырылды.
Ресей тарапы атом электр стансасы құрылысын аясында кооперацияның қажетті деңгейін қамтамасыз ете отырып, Қазақстан және басқа елдердің жеткізушілерімен ынтымақтасуға дайын екендігін жеткізді.
Премьер-министр Олжас Бектенов атом электр стансасының құрылысы Мемлекет басшысының бақылауында екенін атап өтті. Үкімет жобаны жүзеге асыруға қажетті көмек көрсетеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:30, 24 маусым 2026
Полиция ескертуі: Жүргізушілерге «ақылы жолға қарызсың» деген жалған SMS-хабарламалар келуде
-
17:18, 24 маусым 2026
Алматыда рейд жүріп жатыр: 127 автобус мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды
-
17:11, 24 маусым 2026
Ақтөбе тұрғыны банктен хабарлама келгенде интернет-алаяқтықтың құрбаны болғанын бір-ақ білген
-
17:04, 24 маусым 2026
Kaspi.kz Түркияда Rabobank A.Ş. сатып алуға реттеушінің мақұлдауын алды
-
16:54, 24 маусым 2026
Таразда Алматы облысының үш тұрғыны қызды алып қашқаны үшін сотталды





