Бектенов бензин бағасының күрт өсуіне жол бермеуге уәде берді

14:03, 28 қаңтар 2025

© Фото: Zakon.kz

2025 жылғы 28 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов жанар-жағармай және газ бағасын кезең-кезеңімен ырықтандыру басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, экономикалық өсім инфрақұрылымға инвестицияны жеделдетумен қатар жүруі керек.

"Алайда экономиканың капиталды көп қажет ететін секторларындағы бағаны мемлекеттік шектен тыс реттеу бұл міндетті қиындатады және инвестициялық әлеуетті төмендетеді.Үкімет жанар-жағармай мен газ бағасын, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен теміржол көлігі саласындағы тарифтерді кезең-кезеңмен ырықтандыруды бастады. Нарықтық баға белгілеуге бірқалыпты көшу бұл салаларға қажетті инвестицияларды тартып, жанар-жағармай тапшылығы қаупін жояды", – деді Бектенов.

Ол үкімет бағаның күрт өсуіне жол бермейтінін қадап айтты.

2024 жылдың 18 қазанында Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жанар-жағармайдың шекті бағасын алып тастауды жоспарлап отырғаны белгілі болды.

2025 жылдың 17 қаңтарында Энергетика министрлігі стационарлық жанармай құю станциялары үшін мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы бұрын күшіне енген барлық бұйрықтардың күшін жою туралы бұйрық дайындады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!