Баян Алагөзова марқұм әкесін еске алды: Уақыт емші емес

16:19, 6 қаңтар 2025

© Сурет: Instagram/dinarasatzhan

Қазақстандық продюсер Баян Алагөзованың әкесі екі жыл бұрын дүние салған болатын. Бүгін, 2025 жылғы 6 қаңтарда Алагөзова мұрағаттағы суреттерден бейне әзірлеп, әкесін есіне алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бейнені ол "Вечная память Максату Мухитденову" деген тақырыппен өзінің Instagram парақшасына жүктеді. Сондай-ақ, жазба Бағым Мұхитденова орындаған әнмен сүйемелденді.

"Сенсіз өткен екі жыл. Уақыт емші емес, ол тек өзіне бағындырады. Бағым сен үшін ән шырқады, сенің әдемі даусың, талантың тек соған берілген",- деп жазды Алагөзова бейненің жазбасына.

Мақсат Мұхитденов 76 жасында қайтыс болды. Ол кітап жазумен, қазақ тарихын зерттеумен айналысты.

Бұған дейін Алагөзованың отбасы тағы бір жанмен толыққандығы хабарланған болатын.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!