Батыс өңірлерде электр энергиясына байланысты шектеулер енгізілгені рас па - KEGOC түсініктемесі
© Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
"KEGOC" АҚ бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында жүйелік оператор тарапынан Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына электр энергиясын беруде шектеу енгізілгені туралы тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Компания мәліметінше, аталған ақпарат шындыққа еш сәйкес келмейді. Жүйелік оператордың ресми ақпаратына сәйкес, 2026 жылғы 23–24 қаңтар күндері өнеркәсіптік тұтынушылар мен халыққа электр энергиясын беруде шектеу шаралары қолданылмаған.
Электрмен жабдықтау үздіксіз, ажыратусыз және электр энергиясын беру көлемін төмендетпей штаттық режимде жүзеге асырылды.
Сонымен қатар, KEGOC жекелей шектеулер белгіленген кезеңде тек Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында цифрлық майнингпен айналысатын компанияларға қатысты уақытша қолданылғанын нақтылайды. Бұл шаралар қолданыстағы нормативтік талаптар шеңберінде қатаң түрде іске асырылып, жүктеме теңгерімін сақтауға және елдің бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталғаны да айтылады.
Айта кетсек, 2026 жылдың басында Германияда жаппай блэкаут болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:00, 8 ақпан 2026
Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған 16 шетел азаматы республика аумағынан шығарылды
-
15:33, 8 ақпан 2026
Қайтадан жауын-шашын: синоптиктер 9 ақпандағы ауа райына болжам ұсынды
-
15:00, 8 ақпан 2026
8 ақпандағы Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы қандай
-
14:05, 8 ақпан 2026
Алматының қоғамдық көлігінде Avtobys бірыңғай төлем жүйесі енгізіледі
-
13:40, 8 ақпан 2026
Жеңіл атлетика: Түркиядағы халықаралық жарыста Қазақстан екі алтын медаль жеңіп алды





