БАӘ-ден арнайы рейспен келіп жеткен қазақстандықтар: Өте қорқынышты болды...
© Сурет: Алматы ӨКҚ
Бүгін, 2026 жылғы 4 наурызда Алматы әуежайына Оманға жіберілген арнайы рейс келіп жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы-Маскат-Алматы бағыты бойынша қатынайтын DV5361 рейсі балалы отбасыларды қоса алғанда, 314 адамды Отанына жеткізді. Біраз уақыттан кейін тағы 230 қазақстандық мінген екінші рейс те келіп жетеді деп күтіледі. Осылайша, Оманнан Қазақстанға 500-ден астам адам оралды, деп атап өтті Алматының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Залға кірген адамдар шаршаңқы болғанымен, бірақ жүздерінен бақытты екенін аңғаруға болады. Көбісі көз жасын жасырмады.
"Ұшақ доңғалағы Алматы жеріне тигенде, бақыттан жүрегім керіп, ішім алай-түлей болды. Мұны бір сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бізді қысылтаяң кезде елеп-ескерусіз қалдырмағандарына қатты ризамыз", - дейді балаларымен бірге ұшқан жолаушылардың бірі.
Келіп-жеткендердің айтуынша, арнайы рейстің ұйымдастырылуы туралы шешім өздері үшін қиын жағдайда нақты қолдау болды. Адамдар дипломатиялық қызметтер мен көлік ведомстволарының үйлесімді жұмысын ерекше сөз етті.
"Бізді ұмыт қалдырмағандарын сезіндік. Бұл бізге сенімділік пен сабыр берді", – деді оралған қазақстандықтардың бірі.
Күту залындағы адамдар президентке және сыртқы істер министрлігіне жедел көмек көрсеткені және әрбір азаматқа көңіл бөлгені үшін алғыс білдірді.
Қарсы алушылар арасында алматылық Аягөз Жақсылық та бар. Ол әуежайға Маскат – Алматы рейсімен ұшып келген балаларын қарсы алуда. Ұшақ келетін түнді ол ұйқысыз өткізген.
"Біз ұйықтамадық. Қазір бәрі жақсы, бірақ қараңызшы, менің денемдегі түршіккеннен пайда болған бүршіктерді", деп өз ойымен бөлісті ол балаларын құшақтап.
Келіп жеткендердің арасында Дубайдағы University of Wollongong-те оқитын бірінші курс студенттері Анель Жақсылық пен Алина Искендирова да бар.
Студенттердің айтуынша, олар алдымен Дубайдан Оманға жерүсті көлігімен жеткен. Сапар барысы қызметтердің сүйемелдеуімен және бақылау арқылы өткен.
"Жақсы ұшып келдік. Алдымен біз Дубайдан Оманға көлікпен, автобуспен бардық, бізді арнайы қызметтер сүйемелдеп жүрді. Елшілігімізге зор алғысымызды білдіргіміз келеді. Егер олар болмағанда, онда біз тағы бір-екі апта сол жақта тұралап қалар едік. Біз үшін ұйымдастырған барлық қажеттілік үшін, қауіпсіздікте болғанымыз үшін үлкен рақмет", - дейді қыздар.
Студенттер Дубайда оқуын ары қарай да жалғастыратындарын айтады.
"Біз Біріккен Араб Әмірліктері мемлекетіне сенім білдіреміз. Біз білетіндей, ол әлемдегі ең қауіпсіз елдердің бірі. Барлығы тынышталғаннан кейін біз оқуымызға қайта оралуды жоспарлап отырмыз", – дейді олар.
Ал Ақбота Закаря Алматыға Оманнан 5 және 2 жастағы екі кішкентай баласымен бірге арнайы рейспен ұшып келді. БАӘ-де ол әпкесімен демалыста болып, бірақ сапардың соңғы күндері олардың ұшағына ұшуға тыйым салынған.
Ақботаның айтуынша, рейстің кейінге қалдырылуы туралы хабар төбеден мұздай су құйып жібергенмен бірдей әсер қалдырған.
"Қорқынышты, өте қорқынышты. Ана қорқынышты дыбыстар, шұғыл хабарламалар, жаныңды ұшырады. Әсіресе, балаларың үшін қорқасың. Өзім жалғыз болсам, жарайды, бірақ қасымда балаларым бар ғой", дейді ол.
Отбасының елде болу мерзімі ұзартылған, кейінірек Whatsapp арқылы Оман арқылы шығатындардың тізімі жіберілді. Сол жерден қазақстандықтар Отанына ұша алды.
"Құдайға шүкір, қазір біз Қазақстандамыз. Барлығы артта қалды. Әрине, мемлекетімізге оралуды ұйымдастырған жандар үшін ризамыз", - деп атап өтті әйел.
Ол бастан өткерген эмоцияларды сөзбен жеткізу қиын екенін мойындайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:33, 4 наурыз 2026
Емтихансыз жүргізуші куәлігін алмақ болған қыз ірі сомасынан айырылып, алаяқтардың тұзағына ілінді
-
19:12, 4 наурыз 2026
Түркия Иран ұшырған баллистикалық зымыранды атып түсірді
-
18:53, 4 наурыз 2026
Алматыда жалға алынған тұрғын үйден жасырын фитозертхана анықталды
-
18:46, 4 наурыз 2026
Германиядағы жасөспірімдер арасындағы ӘЧ: қазақстандық биатлоншылар спринтте өнер көрсетті
-
18:42, 4 наурыз 2026
Қазақстан спортшысы еспелі слаломнан Таиландтағы турнирде қола медаль еншіледі





