Атырау облысындағы отбасының қазасы: ІІМ тергеу барысының мән-жайын ашты

18:13, 8 сәуір 2026

© Сурет: YouTube/mvdkontent

Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов 2026 жылғы 8 сәуірде Мәжіліс кулуарында Атырау облысындағы бір отбасының қаза табуына қатысты іске пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Санжар Әділов қазіргі уақытта аталған қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.

"Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Айта кету керек, Атырауда Ішкі істер министрлігінің тергеу-жедел тобы жұмыс істеп жатыр. Біз кезең-кезеңімен барып, осы қылмыстық іс бойынша материалдарды тыңдап отырамыз. Тергеу әрекеттерінің көлемі өте үлкен. Қылмыстық істер тек адам өлтіру фактісі бойынша ғана емес, бұл туралы бұрын айтылған, сондай-ақ пайдакүнемдік сипаттағы баптар бойынша, алаяқтық, ұрлық деректері бойынша да қозғалған. Яғни, күдіктілер бірнеше бап бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып отыр", – деді ол.

Оның айтуынша, күдікті Ақбаян Мұқанғалиева психиатриялық ауруханаға орналастырылған.

"Оған қатысты стационарлық кешенді сот-психологиялық-психиатриялық сараптама жүргізілуде. Мұндай сараптаманы тағайындауға негіз бар – бұл оның сыртқы мінез-құлқы мен алғашқы жауаптары. Осыған байланысты сараптама жүргізу туралы шешім қабылданды. Жаңа күдіктілер жоқ. Іс бойынша екі адам өтуде – ер адам және оның бұрынғы жұбайы", – деп түйіндеді Ішкі істер вице-министрі.

Еске салсақ, жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен отбасы туралы туыстары полицияға тек екі айдан кейін хабарлаған. Ресми іздестіру шаралары 2025 жылғы 25 желтоқсанда басталды. 2026 жылғы 6 қаңтарда ерлі-зайыптының денесі Жангелдин ауылындағы өз сарайынан табылды.

Қылмыс жасады деген күдікпен Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны Сұлтан Сәрсемәлиевке хлықаралық іздеуге жарияланды. 13 қаңтарда күдіктімен бірге оның жұбайы – қаза тапқан отбасының кенже қызы, 30 жастағы Ақбаян Мұқанғалиева да іздеу салынды. Әйелдің іс бойынша хабар-ошарсыз кеткен тұлға ретінде қарастырылып отырғаны нақтыланды.

24 ақпанда ІІМ өкілдері Индонезияда Атырау облысындағы отбасы өліміне күдікті қазақстандықтың ұсталғанын мәлімдеді. Ал 25 ақпанда қаза тапқандардың қызы да күдікті деп танылғаны белгілі болды.

9 наурызда Индонезия аумағында ұсталған Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиева Атырауға жеткізілді. Тергеу барысында Сәрсемәлиев қаза тапқан ерлі-зайыптының балалары – Наурыз бен Мирамгүлді өлтіргенін мойындады. Балалардың денесі Атырау маңындағы Геолог ықшамауданында, күдікті жұбайымен бірге жалдап тұрған үйдің ауласынан табылған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!