Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа қоныс

15:20, 14 желтоқсан 2024

© Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Еліміздің басты мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Атырау қаласының апатты үй кезегінде тұрған 73 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды. Бұл – қала тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстардың жарқын дәлелі.

Қала әкімі Шәкір Кейкин жаңа пәтер иелеріне кілттерді салтанатты түрде табыс етті.

Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа қоныс, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2024 15:20

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қоныс иелері Қожақаев көшесінің 7 және 11 үйлері, Бейбітшілік көшесінің 66 үйі, Достық көшесінің 8 үйі, Оңдасынова көшесінің 9 үйінен жаңа көпқабатты үйге көшірілді. Сонымен қатар, Дамбы және Аспа ауылдарының тұрғындары Зарослый ауылындағы жеке секторлы жаңа үйлерге ие болды.

Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа қоныс, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2024 15:20

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Апатты көпқабатты үйде тұрған 67 отбасы "Модерн" және "Латифа" тұрғын үй кешендерінен пәтер алса, ауыл тұрғындары жаңа, заманауи үлгідегі жеке үйлерге қоныстанды.

Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа қоныс, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2024 15:20

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен және жаңа қоныстарыңызбен облыс басшысы Серік Жамбылұлының және өз атымнан шын жүректен құттықтаймын! Жаңа шаңырақтарыңыз бақыт пен шаттыққа толы болсын. Әр отбасында тек береке мен молшылық орнап, өмірлеріңіз тек жақсылыққа толы болғай!", - деді қала әкімі Ш.Кейкин.
Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа қоныс, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2024 15:20

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жыл басынан бері Атырау қаласы бойынша апатты және әлеуметтік осал топтағы кезекте тұрған азаматтарға 350-ден астам жаңа пәтердің кілті табысталды. Бұл – халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесі.

Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа қоныс, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2024 15:20

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жүйелі жұмыстарымыз алдағы уақытта да жалғасын таба бермек

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!