Астана мен Бейжіңде Қытай мен Қазақстанның мәдени орталықтары ашылды

16:36, 3 шілде 2024

© Сурет: akorda.kz

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева 2024 жылдың 3 шілдесінде Астанада Қытайдың мәдени орталығының ашылу салтанатын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орталықтың ашылу рәсімін Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында Аида Балаева өткізді.

Сондай-ақ, бүгін, 3 шілдеде Бейжіңде Қазақстанның мәдени орталығының ашылуы өтті.

"Қазақстан Республикасының Бейжің қаласында, Қытай Халық Республикасының Астана қаласындағы мәдени орталықты салтанатты түрде ашық деп жариялаймыз".Аида Балаева

Сонымен қатар, бүгін Бейжің Тіл және мәдениет университетінің Астанадағы филиалын ресми түрде ашылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!