Аптап ыстық Францияны әбден әбігерге салды: ядролық реакторлар мен мерекелік шаралар тоқтатылды

09:46, 13 шілде 2026

© Сурет: magnific

Францияда аптап ыстықтың толқыны жалғасып жатыр. Елдің метеорологиялық қызметі елдің батыс өңірлерінің басым бөлігінде және Париж аймағында қауіптіліктің ең жоғары – "қызыл" деңгейін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Les Echos басылымының мәліметінше, бұл ескерту бүгін, дүйсенбі күні де күшінде қалады.

Ауа температурасының шектен тыс жоғары болуына байланысты көптеген қалада 14 шілдеге жоспарланған мерекелік іс-шаралар, оның ішінде отшашулар тоқтатылды. Сонымен қатар елде орман және табиғи өрттердің шығу қаупі өте жоғары деңгейде сақталып отыр.

Аптап ыстық елдің энергетикалық жүйесінің жұмысына да әсер етті. EDF компаниясы өзен суының шамадан тыс қызуына байланысты үш ядролық реактордың жұмысын тоқтатты. Бұл өзендердің суы реакторларды салқындату үшін пайдаланылады. Бұдан бөлек, тағы бірнеше реактор төмендетілген қуатпен жұмыс істеп жатыр.

Францияда ірі орман өрттерімен күрес те жалғасуда. Лот департаментіндегі өрт ошақтарының бірі ауыздықталды. Қызыл жалын шамамен 155 гектар орман мен бұталы алқапты шарпыған. Қауіпсіздік мақсатында 86 тұрғын эвакуацияланды.

Аптап ыстыққа байланысты бірқатар мәдени және спорттық іс-шаралар да тоқтатылды. Сонымен қатар "Тур де Франс" велокөпкүндігінің бір кезеңінің форматы өзгертілді. Жарысты ұйымдастырушылар жаз мезгіліндегі спорттық жарыстардың өткізілу уақытын қайта қарау қажеттігін де мәлімдеді.

Бұған дейін Ақмола облысында ыстық салдарынан үш өрт ошағы тіркелгенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!