Америкалық барлау ұшағы Ресейге жақын жерде бақылаудан жоғалып кетті

10:50, 3 қыркүйек 2026
MKZ: 1564920

© Сурет: pexels

2026 жылғы 2 қыркүйекте АҚШ Әскери-әуе күштерінің стратегиялық барлау ұшағы патрульдеу кезінде радиолокациялық бақылаудан жоғалып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

РИА Новости хабарлағандай, ұшақ Мурманскіден солтүстікке қарай Баренц теңізі аумағында шамамен бір сағат патруль жасағаннан кейін ұшу бақылауынан жоғалған.

Қазақстан уақытымен шамамен сағат 14:30-да америкалық радиоэлектрондық барлау жүргізуге арналған Boeing RC-135W Rivet Joint ұшағы Ұлыбританиядағы Милденхолл әскери әуе базасынан ұшып, солтүстікке қарай бағыт алған.

Норвегия жағалауы бойымен ұшқан ұшақ сағат 17:50 шамасында Баренц теңізі аумағына кіріп, кейін бағытын батысқа өзгерткен.

Сағат 18:40-та ұшақ Ресей шекарасынан шамамен 400 шақырым қашықтықта радардан жоғалып кеткен. Болжам бойынша, оның жоғалуы геолокация жүйелерінің әдейі өшірілуіне байланысты болуы мүмкін.

Ұшу мониторингі сервистерінде ұшақ бағытының соңғы нүктесі көрсетілмеген.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!