Алматылық «Қайрат» футболдан Қазақстан чемпионы атанды
© Сурет: telegram/fc_kairat
10 қарашада Премьер-Лигасы командалары арасында футболдан өткен Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Араға үш салып алтын медаль алматылық "Қайрат" ойыншыларына қайта бұйырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шешуші 26-шы турда алматылықтар сырт алаңда "Атыраудан" 0:1 есебімен басым түсті. Жалғыз голды 59-шы минутта пенальтиден Гиорги Зария соқты. Осылайша, "сары-қаралар" 47 ұпай жинап, өз тарихында төртінші мәрте футболдан Қазақстан чемпионы атанды.
Рафаэль Уразбахтинның шәкірттері осы маусымда 14 жеңіс, 5 тең, 5 жеңіліс көрсеткішін тіркеді. Сондай-ақ, "Қайрат" қарсылас қақпасына 39 гол соғып, ал команданың шабуылшысы Жоао Пауло 10 голмен турнирдің үздік сұрмергендерінің қатарына кірді.
Күміс жүлдені 46 ұпаймен "Астана" алса, "Ақтөбе" клубы 43 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.
Турнирдің аутсайдері ретінде "Шахтер" танылып, ең соңғы 13-ші орынға тұрақтады. Салдарынан алғаш рет өздерінің тарихында жоғарғы дивизионнан ұшып кетті.
"Қайрат" ұжымы чемпиондық атақтың арқасында келесі жылы QFL Қазақстан Суперкубогы және УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде бақ сынауға мүмкіндік алды. Турнирдің қорытындысы бойынша, "Астана", "Ақтөбе", "Ордабасы" командалары да еурокубокқа қатыса алады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:00, 13 қараша 2024
ІІМ қызметкерлері ата-аналарға үндеу жасады
-
22:45, 12 қараша 2024
Дэвис кубогы: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алғаш рет ширек финалға шықты
-
22:21, 12 қараша 2024
Бокстан 2024 жылғы Азия чемпионаты Таиландта өтеді
-
22:01, 12 қараша 2024
Қар, тұман, көктайғақ: 18 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
21:42, 12 қараша 2024
Қазақстандық конькишілер Жапонияда өтетін төрт құрлық чемпионатында бақ сынайды