Алматыдағы жаңа асфальт жаңбырдан кейін езіліп жатыр

14:12, 16 қыркүйек 2020
1037

Алматыда жол жөндеуге бөлінген қаржы желге ұшып жатыр. Төселген асфальтты қолмен сылып алуға болады. Жауапсыз мердігер мекемелер бақылаудың жоқтығын пайдаланып, ойына келген істеуде, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Алматыдағы Радлов көшесінде жүргізілген жөндеу жұмыстарының сиқы мынау. Тротуардың астыңғы қабаты нығыздалмағандықтан бетіне төселген асфальтты қолмен-ақ сылып алуға болады. Мамандар алдымен астын жақсылап таптап, бетіне битум эмульсия жағылатынын айтады, сонда асфаль сылынбайды екен. Алайда жол салу технологиясын сақтап жатқандар шамалы.

– Битумный эмульсия құйғаннан кейін үстіне асфальт төсеу керек. Енді қазір қарасақ түнде жаңбыр жауды. Мына асфальттың үстімен су ағып кету керек болған. Бізде асфальттың үстіне су астына қарай сіңіп кеткен да, асты су болып езіліп жатыр да, осының бәрі отырып кетеді, – дейді Жол активтері ұлттық сапа орталығының жол инженері Руслан Иманбаев.

Ал жолды салып жатқан мердігер компанияның өкілі не себепті өзіне жүктелген міндеттерді сапасыз атқарғандарын түсіндіріп бере алмады. Жауап берудің орнына ат-тонын ала қашты.

"Түсірме бауырым. Сіз кім боласыз?".

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері бастапқыда ескерту берілетінін жеткізді. Егер одан нәтиже шықпаса сөз басқа деп отыр.

Елнар Игліков, қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы:

Подрядчик өз деген кемшіліктерді жойса әрине бұған ешқандай шара қолданылмайды. Бұл алдын алу іш-шарасы ұйымдастырылып тұру керек. Қалпына келтірмейтін болса бұл жерде мемлекеттік бюджеттің қаражаты жұмсалған. Сол бойынша шаралар қолданылады.

Думан шағын ауданындағы жол мәселесін көктемде көрсеткен болатынбыз. Қалалық әкімдік өкілдері 2018 жылы басталған кәріз және ауыз су құбырын тарту жұмыстары маусымның 28 аяқталады деп сендірген болатын. Алайда ол уәде айтылған жерде қалған сыңайлы. Тұрғындар ең болмаса жолымызды қалпына келтіріп берсін деп отыр.

Әбілғазы Шәкіров, қала тұрғыны:

Мына көшенің осылай жатқанына екі жылдан асты. Жылына екі рет келіп қазып кетеді. Мына жақты бір қазды ол толық жабылмайды. Үсті-үстіне келіп тас төгеді. Көріп тұрсыздар күнде шаң. Жаңбыр жауса не арығы жоқ.

Су және кәріз құбырлары жүргізілгеннен кейін жол қалпына келтіріліп, асфальт төселуі тиіс. Алайда екі жылдан бері тұрғындар жолдың азабын тартып келеді. Қырық шұңқыр жолдың шаңы көкке көтеріліп жатады. Ұлттық сапа орталығының мамандары жергілікті әкімдік мердігер мекемелерді бақылауға алуға құлықсыз деген пікірде.

Мәулен Әліпов, Жол активтері ұлттық сапа орталығының Алматы филиалының директоры:

Энерготиімдік басқармасына хат жазғанбыз. Ауызша да хабарласқанбыз бізбен келісім-шартқа отырсын деп. Егер бізбен келіміс-шартқа отырғанда мынандай мәселелермен біз тікелей айналысуға мүдделі болатын едік. Қазір келісім жоқ. Сондықтан мынандай үлкен мәселелерді көріп отырсыздар.

Тиісті бақылаудың болмауынан сапасыз салынған жолдар жылға жетпей сыр беріп, ойдым-ойдымы шығуда. Айта кетейік, Алматы қаласында жыл сайын жол жөндеуге 10 миллиард теңге бөлінеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!