Алматыда жалдамалы жұмысшылар тұрып жатқан контейнер қызыл жалынға оранды

11:25, 23 қаңтар 2026

© Сурет: Zakon.kz

23 қаңтарға қараған түні Алматы қаласының Медеу ауданында құрылыс алаңы маңында жұмысшылар тұрып жатқан контейнер өртенді. Абырой болғанда, құрылысшылар мен жалдамалы жұмысшылар контейнерден дер кезінде шығып үлгеріп, ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) мәліметінше, өрт Құлжа трактінің бойында, №80/4 үйдің маңында орналасқан салынып жатқан нысан аумағында болған.

Сурет: Zakon.kz

"Тұрмыстық бөлме ретінде қайта жабдықталған металл контейнерде өрт шықты. Өрттің жалпы аумағы 25 шаршы метрді құрады", – делінген ТЖД хабарламасында.

Сурет: Zakon.kz

Оқиға орнына ТЖД-ның 14 қызметкері мен 4 арнайы техникасы жұмылдырылды. Өрт сағат 02:41-де оқшауланып, 02:43-те толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Сурет: Zakon.kz

Оқиға орнына Zakon.kz сайтының фототілшісі барып, жағдайды суретке түсірді.

Сурет: Zakon.kz

Бұған дейін ішінде бес адамы бар автокөлік қарлы боранда арыққа түсіп кеткенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!