Алматыда заңсыз салынған көлік жуу орыны сүрілді
© Сурет: Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда сот шешімімен тағы бір нысан сүрілді. Бұл жолы - автокөлік жуу орыны. Бұл туралы 2025 жылы 17 наурызда қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы бұл арада Самғау ықшам ауданындағы Аршалы көшесі, 2-үй мекенжайында орналасқан өзін-өзі қызмет көрсету автожуу нысаны туралы сөз болып отырғанын нақтылады.
"Жеке тұлғаға тиесілі нысан рұқсат құжаттарынсыз салынған. Нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылды. Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот заңсыз салынған нысанды сүру туралы шешім шығарды". Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сот шешіміне сәйкес, иесі нысанды өзі бұзды.
Жергілікті билік 2023 жылдың басынан бері 69 заңсыз нысан толық немесе жартылай сүрілгенін еске салды. Олардың қатарында "Мечта", KHAN тұрғын үй кешендері және басқа да ғимараттар бар.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:57, 17 сәуір 2026
Алматыда ер адам балалардың көзінше арыстанға тас лақтырған: хайуанаттар бағы мәлімдеме жасады
-
16:48, 17 сәуір 2026
18–20 сәуірде Астана, Алматы және Шымкентте күрт жылыну күтіледі – ауа райы болжамы
-
16:40, 17 сәуір 2026
Алматы облысында полицейлер әйелді құтқару үшін оның артынан жүгірді
-
16:24, 17 сәуір 2026
БҚО-да ауру киіктен сынама алынды
-
16:10, 17 сәуір 2026
29 наурыздан бері із-түзсіз жоғалған оқушының денесі табылды





