Алматыда түнгі уақытта велосипед ұрлауды кәсіп қылған күдіктілер ұсталды

16:43, 15 сәуір 2026

© Фото: pexels

Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері велосипед ұрлығының бірқатар дерегін ашты.

Полиция мәліметінше, түнгі уақытта екі күдікті қараусыз қалдырылған велосипедтерді жасырын түрде ұрлап отырған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілердің жеке басы анықталып, ұсталды.

Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың сегіз бірдей ұрлық дерегіне қатысы бары анықталды.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция азаматтарды жеке мүлкіне мұқият болуға шақырады.

Велосипедтерді қараусыз қалдырмай, арнайы құлыптау құралдарын қолдану қажет.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!