Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы іс-шаралары туралы анонс жариялады
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2026 жылғы 17 сәуірде Ақорданың баспасөз қызметі Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар туралы анонс жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресми ақпаратқа сұйенсек, 20-23 сәуір күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсүх Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту перспективасы талқыланады.
22-24 сәуірде Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтеді.
БҰҰ аясында құрылған жаңа диалог алаңының мақсаты – Орталық Азияның орнықты дамуына ортақ көзқарас қалыптастыру, климаттық және экологиялық сын-қатерлерді еңсерудің бірлескен шешімін іздеу.
Жиынға бірқатар мемлекет және үкімет басшылары, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілері қатысады.
22 сәуір күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшыларының кеңесі өтеді.
Сондай-ақ 17 сәуірде Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен жұмыс сапарымен Түркияға баратыны белгілі болды. Қазақстан Президенті Анталия дипломатиялық форумының ашылуына қатысып, панельдік сессияда сөз сөйлейді. Бұдан бөлек, бірқатар екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:59, 17 сәуір 2026
Алматыда азық-түлік бағасы қатаң бақылауға алынды
-
13:45, 17 сәуір 2026
Алматыда интернет алаяқтық 1,5 пайызға төмендеді
-
13:28, 17 сәуір 2026
FlyArystan БАӘ ірі қаласына рейстерін тоқтатты
-
13:11, 17 сәуір 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға жұмыс сапарымен келді
-
13:04, 17 сәуір 2026
Петропавл қаласында жағымсыз иіс тарап, ауа сапасы күрт нашарлады





