Алматыда салмағы 700 грамм болған нәресте аман қалды
© Фото: pexels
Алматы қалалық №2 перинаталдық орталығында дәрігерлер салмағы бар болғаны 742 грамм болып дүниеге келген сәбидің өмірін сақтап қалды.
Бала 2025 жылғы 30 тамызда, жүктіліктің 26-аптасында дүниеге келген.
Туғаннан кейін оның жағдайы аса ауыр болды, сондықтан дәрігерлер ұзақ әрі күрделі күтім үдерісін бастады.
40 күн бойы сәби өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында болды, кейін 24 күн назальды СИПАП-терапияда, соңғы 10 күн өздігінен дем алып жатыр.
Қазір сәбиге 74 күн болды, ол құрылғысыз өздігінен тыныстап жатыр.
Мұндай жағдай бүкіл ұжымнан — неонатологтардан, реаниматологтардан, медбикелер мен перинаталдық психологтардан жоғары кәсіби дайындық пен шыдамдылықты талап етеді.
"Әрбір грамм салмақ, әрбір тыныс — дәрігерлердің ортақ еңбегі мен сәбидің өмірге деген жігерінің нәтижесі. Бұл біз үшін жай ғана медициналық жұмыс емес, күн сайынғы өмір үшін күрес", — деді Алматы қалалық №2 перинаталдық орталығы директорының неонаталдық қызмет жөніндегі орынбасары Айнұрым Сарбас.
Сәбидің анасы ұлын аман алып қалған дәрігерлер мен мейірбикелерге алғыс білдіріп, олардың қолдауы мен қамқорлығы ең қиын сәтте үлкен демеу болғанын айтты.
Бүгінде Алматы қалалық №2 перинаталдық орталығы шала туған балаларды күтіп-баптаудың заманауи әдістерін белсенді енгізіп келеді.
Жыл басынан бері орталықта салмағы 1000 грамнан төмен 43 сәби өмірге қайта оралды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:10, 7 желтоқсан 2025
Алматыда қылмыс деңгейі азайды – Ішкі істер министрі
-
11:47, 7 желтоқсан 2025
7 желтоқсандағы Алматы мен Астанадағы валюта бағамы қалай өзгерді
-
11:20, 7 желтоқсан 2025
Алматыда 6-10 желтоқсан күндері ауа райы қандай болады
-
10:59, 7 желтоқсан 2025
Серуендемеген жөн: елдің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
-
10:14, 7 желтоқсан 2025
Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Гран-при финалында алтыншы орын алды





