Алматыда пәтерге тіркелетін тұрғындар саны шектелуі мүмкін

11:20, 21 тамыз 2026
MKZ: 1562467

© Фото: Zakon.kz

Алматыда бір пәтерге тіркеуге болатын адамдардың санын шектеу ұсынылып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, тұрғын үйдің әрбір 15 шаршы метріне бір адамнан артық тіркеуге болмайды. Мысалы, ауданы 75 шаршы метр болатын пәтерде бес адамнан артық тұра алмайды.

Алайда бұл шектеу жақын туыстарға қолданылмайды", – делінген "КТК" телеарнасының репортажында.

Мұндай шектеу Астанада қазірдің өзінде қолданыста екені белгілі болды. Осылайша, қала билігі "резеңке пәтерлер" деп аталатын, бір мекенжайға шамадан тыс көп адамның тіркелуін азайтуды көздеп отыр.

Әкімдік бұл жобаны депутаттардың қарауына ұсынды. Жоба 26 тамызға дейін талқыланады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!