Алматыда ойын-сауық нысандарына тексеру жүргізіліп, 162 кальян тәркіленді

10:55, 10 қараша 2024

© Сурет: unsplash

Алматыдағы ойын-сауық нысандары тексеріліп, 114 бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарашаның 8-нен 9-на қараған түні Алматы қаласының полиция қызметкерлері темекі өнімдерін пайдалану бойынша бұзушылықтарды анықтау мақсатында ойын-сауық орындарында тексеру жүргізді.

"Нәтижесінде бірқатар бұзушылықтар анықталды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 441-бабы бойынша 114 хаттама толтырылды. 162 кальян тәркіленді", делінген 2024 жылғы 10 қарашадағы полиция хабарламасында.

Бұған дейін Қазақстанда іздеуде жүрген 2 мыңнан астам күдікті ақпараттық технологиялардың нәтижесінде табылғаны хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!