Алматыда Құрманғазы мен Достық көшелерінің қиылысындағы көлік қозғалысы уақытша жабылады

13:10, 21 маусым 2024

© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда Құрманғазы мен Достық көшелерінің қиылысында 1986 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан құбыр ауыстырылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

21 маусымда сағат 23.00-ден 22 маусымдағы сағат 09.00-ге дейін Алматыдағы Медеу ауданында Құрманғазы мен Достық көшелерінің қиылысында автокөлік үшін қозғалыс жабылады.

Аталған көше қиылысы бойынша екі бағытта да көлік қозғалысы жабылады.

Уақытша шектеулер аталған көше қиылысы бөлігіндегі көлік жүретін жол бөлігінің астынан өтетін, 1986 жылдан бері пайдалануға берілген ұзындығы 305 метрлік құбырды жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстардың жүргізілуінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіліп отыр.

Жол қозғалысы уақытша шектеледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2024 13:10

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл құбыр 5 көпқабатты тұрғын үйді және тағы басқа 4 нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Жаңғырту жұмыстары кезеңінде аталған тұтынушылар ыстық сумен бұрынғысынша үздіксіз қамтамасыз ете берілетін болады.

"Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды және бұл аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруларыңызды сұраймыз." "Алматы жылу жүйесі" ЖШС

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!