Алматыда кондоминиум нысандарын басқару жарнасының ең төменгі мөлшері ұлғайтылды
© Фото: Zakon.kz
Алматы қаласы мәслихатының 2026 жылғы 10 маусымдағы кезекті сессиясында қабылданған шешіммен 2026 жылға арналған кондоминиум нысандарын басқару бойынша ең төменгі жарна мөлшері бекітілді.
Құжатқа сәйкес, жарнаның ең төменгі мөлшері 2026 жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 0,016 мөлшерінде айқындалды. Бұл ай сайын тұрғын үйдің әрбір шаршы метрі үшін 70 теңгені құрайды.
Шешім 2026 жылғы 28 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.
Салыстырмалы түрде айтқанда, 2025 жылы Алматы қаласында кондоминиум нысанының ортақ мүлкін басқару мен күтіп-ұстауға арналған ең төменгі төлем мөлшері бір шаршы метр үшін 40 теңге болған.
Бұған дейін Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифтері де көтерілгені хабарланған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:07, 19 маусым 2026
Көкшетауда 115 миллион теңгенің алтыны жоғалды: күдік бұрынғы басшыға түсті
-
10:54, 19 маусым 2026
Тайландта ресейлік турист жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
-
10:46, 19 маусым 2026
Қазақстан Ресейге 6 тонна қиярды кері қайтарды: себебі белгілі болды
-
10:35, 19 маусым 2026
АҚШ-тың Иранмен қақтығысқа жұмсаған шығыны белгілі болды
-
10:29, 19 маусым 2026
ШҚО-да заңсыз алкоголь саудасына тосқауыл қойылды





