Алматыда «қалта ұрылары» ҰҚТ сотталды
© Сурет: pxhere
Алматыда прокурорлар "қалта ұрылары" ұйымдасқан қылмыстық тобының қызметіне тосқауыл болды.
Прокуратураның үйлестіруімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, ҰҚТ-ның көшбасшысы мен 11 мүшесі, өткен жылдың қараша айынан бері қоғамдық көлікте торуылдап, азаматтардың құнды заттарын ұрлағаны анықталды.
Орташа есеппен, қаскүнемдердің күнделікті қылмыстық табысы шамамен миллион теңгені құраған.
Сот үкімімен қылмыстық топтың 9 мүшесі ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды.
"ҰҚТ-ның екі қатысушысына іздеу жарияланып, оларға қатысты жеке тергеп-тексеру жүргізілуде." Алматы қаласының прокуратурасы
Қадағалау органы азаматтарды қырағы болуға және сақтық танытуға шақырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:45, 10 қазан 2024
Антикор мессенджерлердегі алаяқтар туралы ескертті
-
19:33, 10 қазан 2024
Дзюдодан Grand Slam турнирі: қазақстандық балуандардың қарсыластары анықталды
-
19:17, 10 қазан 2024
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы әлемдік рейтингіде 11-орынға көтерілді
-
18:55, 10 қазан 2024
Алматыда жоғалып кеткен Lenovo директоры өлі табылды
-
18:34, 10 қазан 2024
Қазақстан мен Түрікменстан президенттері БАҚ өкілдері үшін бірлескен брифингіде не айтты