Алматыда ертеңнен бастап тағы бір бағытта жаңа электр автобустары пайдалануға беріледі
© Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда қоғамдық көлік жүйесін дамыту және экологиялық ахуалды жақсарту аясында қала автобустары жаңартылып жатыр. City Bus жекеменшік автопаркі Skywell маркалы электр автобустарын сатып алды. Бұл жөнінде Алматы қаласының мобильділік басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жолаушылар тасымалдауға арналған бұл төмен еденді, кең сыйымдылықты электр автобустар бір қуатпен 400 шақырымға дейін жүре алады. Олар дыбыссыз қозғалады, бейнебақылау камералары, кондиционер, USB-қуаттағыш порттары, жүргізушіні бақылау жүйесі және өзге де заманауи жүйелермен жабдықталған.
Жаңа автобустар 2025 жылы 22 маусымнан бастап №19 бағыт бойынша, яғни "Нұркент тұрғын үй кешені – Алматы көшесі" аралығында жолаушы тасымалдай бастайды. Сонымен қатар бұл бағыттағы жолға шығатын автобустар саны 16-дан 18-ге дейін арттырылмақ.
Айта кетерлігі, 2024 жылы Алматының мобильділік басқармасы 600 газбен жүретін автобус, 112 троллейбус және 100 электр автобусын сатып алған болатын. Бұған қоса, қала ішінде 3 жаңа және қала маңына 20 бағыт ашылды.
2025 жылы әкімдік тағы 600 газбен жүретін автобус сатып алуды көздеп отыр. Ал жекеменшік тасымалдаушылар тағы 118 электр автобус сатып алуды жоспарлаған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:58, 12 маусым 2026
Алматылықтар енді өз үйлерінің маңындағы ақылы автотұрақтарға көліктерін тегін қоя алады
-
16:45, 12 маусым 2026
Қазақстанда көмір химиясын дамыту: инвесторларға қандай қолдау көрсетіледі
-
16:37, 12 маусым 2026
Түркістандағы тарихи орынға кіру құны бірқатар азаматтар үшін қымбаттады
-
16:24, 12 маусым 2026
Алматыда жүк көлігі ірі сауда орталығындағы жерасты қоймасында ер адамды басып өлтірді
-
16:11, 12 маусым 2026
«Ортақ мақсаттар үшін»: аманаттықтар «Әділет» партиясына қосылу туралы шешімді қолдады





