Алматыда автобус жүргізушілерін күн-түн демей жұмысқа жеккен
© Сурет: Zakon.kz
Түрксіб ауданының прокуратурасы қаланың ең ірі жолаушылар тасымалдаушысының 1656 автобус жүргізушісінің конституциялық құқықтарына нұқсан келтіре, еңбек заңнамасын бұзғандығын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құзырлы орган мәліметінше, бұзушылықтар үстеме жұмыстардың шекті санының артуынан, ауысымаралық демалыс ұзақтығының қысқаруынан және жүргізушілерге демалыс күндерінің берілмеуінен орын алып келген.
"Тасымалдаушының мұндай әрекеттері жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер етеді және азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Талдау нәтижелеріне сәйкес тасымалдаушы әкімшілік жауаптылыққа тартылды, қадағалау актісі бойынша жіберілген бұзушылықтар жойылды, жұмысшылардың еңбек құқықтары қалпына келтірілді", делінген прокуратура хабарламасында.
Айта кетсек, 2024 жылы қарашада Алматыда қоғамдық көлік жүргізушілеріне жаппай заңсыз айыппұл салынғаны анықталды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:16, 7 қаңтар 2025
Қаскелеңде әйел парфюм сататын дүкенде шыққан өрт кезінде зардап шекті
-
17:56, 7 қаңтар 2025
Синоптиктер ертең елдің бірнеше өңірінде қалың қар жауып, көктайғақ, бұрқасын болатынын болжады
-
16:51, 7 қаңтар 2025
Тараздағы кафеде ішімдікке «тойып алған» жас жігіт полицейге пышақпен шабуыл жасады
-
16:38, 7 қаңтар 2025
Алматының коммуналдық қызметі қар жауады деген болжамға байланысты жұмысын күшейтті
-
15:52, 7 қаңтар 2025
Қарағанды облысында интернет-алаяқтардың әрекеті тоқтатылды