Алматы мен Астанадағы кептелістен қалай құтылуға болады - сарапшылар ұсынысы
© Фото: Zakon.kz
Sergek ITS (Intelligent Transportation System) Интеллектуалды көлік жүйесінің талдаушылары Астана мен Алматыдағы кептелістерге зерттеу жүргізді. Бұл туралы 2024 жылдың 19 қыркүйегінде компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Олар кептелістің басты себебі — автокөліктердің бір уақытта қозғалысқа шығуынан екенін түсіндірді.
Мәселен, бір мезгілде екі мегаполисте жолға шығатын көліктер саны:
- Астанада — 136 мың;
- Алматыда — 205 мың көлік құралы.
Сондай-ақ, Sergek ITS сарапшылары жайлы қозғалыс үшін көліктер саны келесідей болу керек екенін айтты.
- Астанада — 100 мыңнан артық болмауы керек;
- Алматыда — 170 мыңнан артық болмауы тиіс.

Сурет: Sergek Group
"Көліктің осы мөлшерімен жүргізушілер діттеген жеріне кептеліссіз жете алады. Көрсеткіштер асып түскен жағдайда кептеліс пайда болады". Sergek Group баспасөз қызметі
Мұнымен қоса, екі қалада да ең жоғары жүктеме уақыты – 8:00 және 18:00 екені белгілі болды.
Бұған дейін мопедті уақытында тіркемеген жағдайда қандай шаралар қарастырылғаны хабарланды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:01, 13 мамыр 2026
Өскеменде депутат шенеунікке пара бергені үшін 100 млн теңге айыппұл арқалады
-
19:56, 13 мамыр 2026
СҚО-да полицейлер ірі көлемдегі синтетикалық есірткі мен гашиш майын тәркіледі
-
19:53, 13 мамыр 2026
Қазақстанның бірнеше әуе рейсінде жолаушылар шу шығарды
-
19:30, 13 мамыр 2026
Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Ердоғанды қарсы алды
-
19:25, 13 мамыр 2026
Спорттық гимнастикадан Ташкенттегі Challenge Cup кезеңі: Қазақстан құрамасының тізімі





